Мінсіздігімен танымал:
MG тарихына 100 жыл

Брендтердің азы дерлік MG сияқты намысты да шабытты тарихқа ие. 1924 жылдан бері MG адамдар басқаруды ұнататын автомобильдерді шығарып келеді.

MG-де алуан түрлі мәңгілікке сұлу үлгілер жасап шығарылды және бұл бренд 100 жылға таяп қалған классикалық британдық дизайнды пайдалануды және оны MG шығаратын әр модельде ең озық әлемдік технологиялармен үйлестіруін жалғастырып келе жатыр.

1924
MG 14/28
MG СПОРТТЫҚ ГЕНІНІҢ ШЫҚҚАН ТЕГІ

MG бұл стилін анағұрлым спорттық ету мақсатымен Morris Cars-ты өңдеп түзеу бойынша жеке бастама ретінде басталған болаты. Morris Garages 1924 жылы максималды жылдамдығы 109 км/сағ құрайтын MG 14/28 сериялы алғашқы моделімен жұртшылықтың назарын өзіне тартты.

Бұл автомобильдер MG маркасын автомобиль энтузиастарының арасында сүйікті маркаға айналдырды.

1925
THE OLD NUMBER ONE
АНАҒҰРЛЫМ ШАҒЫН, ЖҮЙРІК ЖӘНЕ РӨЛДЕ ОТЫРҒАНДА РАҚАТ СЕЗІМГЕ БӨЛЕЙДІ

Оксфордтағы Morris Garages-та қызмет атқаратын Сесил Кимбер сату бөліміндегі жұмысынан асып жетілген - ол гаражға жол тартып, өзінің пайымымен жұмыс істей бастайды: көлемі шағындау, бұрынғыдан жүйріктеу және жүргізген кезде рақат сезімге батыратын автомобильдерді жасай бастайды. Ол алғашқы спорттық MG автомобилін ойлап тапты - бұл Old Number One.

1929
MG M-TYPE MIDGET
ХАЛЫҚТЫҢ СПОРТТЫҚ АВТОМОБИЛЬ

M-Type – алғашқы нағыз "халықтың спорттық MG автомобилі".

Автомобиль аз уақыттың ішінде танымалдылыққа ие болды, себебі ол қолжетімді, жүйрік және жүргізгенде ләззат сыйлайтын көлік болды.

1933
MG K3 MAGNETTE
MG БӘЙГЕДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

MG K3 Magnette Италиядағы сол кездегі әлемдегі ең күрделі жарыс - Mille Miglia бәйгесінде жеңіске ие болды. Капитан Captain

Джордж Эйстон мен Джонни Лурани 1100 сс класында жеңімпаз әрі алғашқы итальяндық емес экипаж атанды.

1945
MG TC MIDGET
БРИТАНДЫҚ ДҮРЛІКПЕ

Бұл модель бастапқыда 1936 жылы әзірленді және сонау 1940 жылға дейін шығарылып жүрді. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін марканың қайта жаңғырауы да содан басталды.

Барлығы 10,000 астам ТҚ шығарылды. Американдық солдаттардың көбі соғыстан оралғанда Америкаға өзімен бірге MG T-type ала келген – дәл осы модельден американдықтардың британдық спорттық автомобильдеріне әуестігі, яғни "британдық жүрлікпе" басталып, MG-ді АҚШ-қа экспорттау бастау алды.

1953
MG ZA MAGNETTE
ЖАҢА СИПАТТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛЫ

MG 1952 жылы British Motor Corporation құрамына кірген соң MG ZA Magnette пайда болуы компания бағытының өзгеруіне алып келді.

Бұл модель сенімділігінің, қуаттылығының және функционалдылығының арқасында танымалдылыққа тез ие болды.

1955
MGA
MG БОЛАШАҚТЫ ҰТЫМДЫ ЕТЕДІ

MG 1,5 литрлік моторы бар және сүйір пішінді, жас энтузиастарға арналған жаңа аэродинамикалық модельдегі ашық спорттық автомобильдер идеясына оралуда.

Модельді өндірген жеті жылдың ішінде 100 мыңнан астам MGA шығарылды.

1957
MG EX181
РЕКОРДТАР ЖАҢАРТЫЛДЫ

1954 – 1959 жылдары MG жылдамдық жағынан бірнеге рекорд орнатып, жұртшылықтың назарын өзіне аударды.

EX181, сондай-ақ аты аңызға айналған Сэр Стерлинг басқарған "Ырылдауық Тамшы" атымен танымал бұл автомобиль 1957 жылы Бонневиль тұзды көлдерінде ол кездегі адам сенгісіз 395 км/сағ жылдамдыққа дейін жеткізген. Содан кейін екі жыл өткен соң Формула-1-дің жарысушысы Фил Хилл жылдамдықты 410 км/сағ дейін көтеріп бұл рекордты да жаңартты.

1962
MGB
БЕСТСЕЛЛЕР

Екі онжылдық бойы MGB родстері MG маркалы ең танымал спорттық автомобиль болып келді. Бұл көтергіш шанағы бар алғашқы модель болатын. 1,6-литрлік моторы бар бұл көлік бар болғаны 11 секундтың ішінде 100 км/сағ дейін жылдамдықты көбейткен. MGB моделін өндірген 18 жылдың ішінде бұл модельдің 500,000 астам бірлігі сатылып үлгерген.

1962
MG-1100
БІРЕГЕЙЛЕНДІРУДІҢ ЖЕМІСТЕРІ

В1962 жылы MG өзіне жат 4-есікті отбасылық седандар нарығына шықты. British Leyland тобының ішінде қауымдасу шеңберінде 1962 жылдан бастап 1973 жылға дейінгі аралықта Austin, Morris, MG, Riley, Wolsley алуан түрлі маркалармен Сэр Алекс Иссигонистің туындыларының бірдей модельдерін шығарды.

Бар болғаны 12 жылдың ішінде әртүрлі маркамен 15 мемлекетте осы модельдің 2 миллионнан астам машинасы шығарылды.

1973
MGB GT V8
ІРІ МОТОРЛЫ КІШКЕНТАЙ АВТОМОБИЛЬ

Топтың бір бөлігі болу MG үшін көлемі 3,5 литрлік және қуаттылығы 160 а.к. құрайтын Rover V8 сияқты ауқымдырақ қозғалтқыштар желісіне қол жеткізу дегенді білдірді. Моторы мықты кішкентай автомобиль өте танымал комбинацияға айналды.

1975 жылы MG өзінің миллиондық автомобилін шығарды.

1982
MG METRO
ТИТТЕЙ БОЛСА ДА ТИІМДІ

Абиньондағы зауыттық қақпасы жабылған соң көбі марканың ғұмыры бітті деп болжады. Алайда MG бренді 1983 жылы «What Car?» беделді британдық журналының нұсқасы бойынша "Жыл автомобилі" деп танылған MG Metro субықшамды жаңа моделімен нарыққа оралды.

1986
MG METRO 6R4
ЧЕМПИОНАТТЫ ШАБУЫЛДАУ

Чемпиондық атақ алу жолында күресу үшін Williams Grand Prix Engineering-те қызмет атқаратын Патрик Хеди моторы 410 а.к. құрайтын және толық жетекті нағыз болидті жасап ығарды. В Тобының талаптары бойынша 200 данасы шығарылды. Алайда FIA 1986 жылы В Тобына раллиге қатысуға тыйым салған соң бұл бірегей автомобильдің 120 данасы жойылды.

1993
MG RV8
АҢЫЗДЫҢ ҚАЙТА ЖАНДАНУЫ

1960 жылы MGB моделін шығаруды аяқтағаннын кейін 12 жыл өткен соң ашық екі адамдық спорттық автомобильдер қайтадан танымалдылыққа ие бола бастады, және бұл марка British Aerospace бақылауына өткен соң аталған модель 3,9-литрлік Rover моторы орнатылған MG RV8 родстері түрінде нарыққа оралды.

1995
MGF
АЛҒАШҚЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ

MGF 1962 жылдан бастап алғашқы жаңа MG моделіне айналды. Қозғалтқышы ортасында (отырғыштардың артында) орналасқан, артқы осьқа жетегі орнатылған және гидропневматикалық аспасы бар бұл модель өз заманында инновациялық модель болып, аз уақыттың ішінде танымалдылыққа ие болды.

2007
MG7
ЖАҢА ДӘУІРДІҢ БАСТАЛУЫ

Бұл брендті 2005 жылы қытайлық Nanjing Automobile Group сатып алған және SAIC-пен біріккен соң өндіріс ағылшындық Лонгбриджден қытайлық Нанджингке ауыстырылып, ағылшындық Rover 75 негізінде MG7 моделі шығарыла бастады.

2009
MG6
ЖАҢА ЭСТЕТИКАНЫ МӘЛІМ ЕТУ

SAIC әулетіне келгеннен кейінгі брендтің алғашқы жаңа моделі, 4-есікті хэтчбек MG6 брендтің жаңа иелерінің MG-ң спорттық мінезін заманауи трендтерге теңдестіру қабілетін көрсетті. MG6 GT мен Magnette MG-ң бұдан кейінгі модельдерінің эстетика қағидаттарының негізін қалады.

2011
MG3
ЖАҢА ДӘУІР - ЖАҢА СҰРАНЫСТАР

Алға жылжи отырып, заманауи үлгіде жабдықталған және дербестену дәрежесі жоғары субықшамды автомобильге сұранысқа жауап ретінде бренд MG3 моделін шығарды.

Бұл модель бүкіл әлемнің тұтынушыларының назарын MG брендіне аударды.

2012
MG5
ҚУАТТЫЛЫҒЫМЕН ҮЙЛЕСКЕН ДИЗАЙН

Сыртқы дизайны керемет, интерьері сәнді және өнімділігі жоғары 1,5-литрлік бензинді төрт цилиндрлі «VTi-Tech» қозғалтқышы бар көзтартарлық ықшамды автомобиль болып табылатын MG5 нағыз жұлдызға айналды.

2012
MG6 GT BTCC
ЖЕҢІСПЕН ОРАЛУ

Шеңберлі жарыстар бойынша британдық чемпионатта 10 жыл төбе көрсетпеген MG аталмыш чемпионатқа оралғанда бірден подиумдағы бірінші орынға шықты. Британдық шеңберлі жарыстардың бүкіл тарихы бойы ең сәтті жарысушыларының бірі Джейсон Плэто нәтижесінде жарыстарда MG 6 GT-мен бірге 6 рет жеңіске жетіп, 5 чемпионатта жеңімпаз атанды.

2015
MG GS
АЛҒАШҚЫ КРОССОВЕР

Әрдайым инновациялардың алдыңғы қатарында, MG жаңа – GS моделін, марканың тарихындағы алғашқы SUV іске қоспақ.

2017
MG ZS
БАЙЛАНЫСТА ҚАЛЫҢЫЗ

2017 жылы пайда болған кезде бұл ықшамды кроссовер өзінің функциялар жиынтығымен және қосулы күйде қалу мүмкіндігімен таңғалдырды. Азия, Латын Америкасы және Таяу Шығыс нарықтарындағы ең көп сатылатын бренд моделі. Еуропада 2018 жылдан бері MG ZS EV-ң электрлік нұсқасы ретінде сатылып келе жатыр.

2017
MG E-MOTION CONCEPT
ҚОЗҒАЛУЫНЫҢ СҰЛУЛЫҒЫ

2017 жылы Шанхай автосалонында MG электромобильдің концептісін - MG брендінің болашақтағы дамуы көрінісінің шымылдығын ашатын спорттық купені ұсынды.

2018
MG X-MOTION CONCEPT
ЭМОЦИЯЛЫҚ ДИНАМИКА

Кроссоверлер тақырыбын дамытсақ, X-Motion концептісі бұған дейін E-Motion концептісінде байқалған "Эмоциялық Динамика" философиясын қолданады. Кейіннен, X-Motion концептісі өндіріске дерлік өзгермеген қалпында MG HS ретінде қосылды.

2019
MG ZS EV
ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
MG ZS EV электрлік кроссовері отбасылық құндылықтар мен ләззатты біріктірген. 2019 жылы континенттік Еуропада нарыққа шығарылған соң, бірден танымалдылыққа ие болды.
2020
MG5 EV
ТАКСИДІ ЭЛЕКТРЛЕНДІРУ

Толықтай электрлік MG5 универсалы Англияда, содан кейін континенттік Еуропада сатылымға көбінесе таксиде жұмыс істеу үшін келіп түсуде, себебі ол арзан бағаны, сенімділікті, сыйымдылықты және жайлылықты үйлестіріп алған. Мыңдаған MG5 электр-таксилері Шанхайда, Сингапурда, Малайзияда іске кірісіп кеткен.

2021
MG CYBERSTER CONCEPT
ФУТУРИСТІК РОДСТЕР

MG өзінің классикалық мұрасына жаңа мазмұнға толтырылған, оған қоса 5G қосу мүмкіндігі мен ойын кокпиті бар 2-адамдық спорттық электрлік Cyberster родстерімен оралуда. Родстердің 800 км-лік жүру қоры бар және ол 3 секундқа жетпей 100 км/сағ дейін жылдамдықты көтере алады.

2022
MG 7
ТЕҢДЕССІЗ СЕДАН

2022 жылы MG өзінің сәнді 5-есікті спорттық купесі - ең ірі MG7 седанын шығарды.

Мұнда кеңістік, стиль және қуаттылық мінсіз үйлескен.

2022
MG4 ELECTRIC (MULAN)
ЭЛЕКТРОМОБИЛЬДЕР ӘУЛЕТІНІҢ КӨБЕЮІ

2022 жылы еуропалық нарыққа ықшамды MG4 Mulan хэтчбегі шыққан соң MG-ң сатылымға - барлық дерлік танымал сегменттерге шыққан модельдерінің саны бесеуге жетті.

2023
CYBERSTER IN GOODWOOD
РОДСТЕРЛЕРДІҢ ЖАҢА ДӘУІРІ

MG Cyberster ағылшындық Гудвудтағы Жылдамдық Фестивалі (Goodwood Festival of Speed) кезінде серия алды үлгі ретінде шынайы кейпінде көрсетілді. 5 жылға жетпейтін уақыттың ішінде MG Cyberster концепттен сериялық шығарылымға дейінгі жолды еңсеріп шықты!

Бұл тарихта алғашқы рет қытайлық сериялық автомобильдің Гудвудтағы Жылдамдық Фестиваліна шығуы!

2024
TO BE CONTINUED
ЖАЛҒАСЫ БАР

Озық дизайн мен болашақ инновацияларының бай мұрасына тамырын терең жайған MG енді адамдарды қозалысқа келтіретін автомобильдерді ойлап шығару арқылы өз мұрасын кеңейтуді жалғастыруда...